ЗЕКЕТ – ДҮНИЕ-МҮЛІКТІҢ БЕРЕКЕСІ, МҰҚТАЖДЫҢ МЕРЕКЕСІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет» қорының құрылғанына да бірнеше жылдың жүзі болып қалды. Қазір әр аймақта өкілдіктері жұмыс жасап жатыр. Биыл бесінші жылға қадам басқан елордалық «Зекет» қорының жұмысы мен атқарылған шаруалары жайында қордың Астана қаласы бойынша өкілі, жеке кәсіпкер Әнуарбек Болатұлымен сұхбаттасқан едік. – Әнуарбек Болатұлы, жалпы зекет беру құлшылығы турасында, аймақтық қор құрудың тиімділігі жайына тоқталып өтсеңіз? – Қазақ «Мұсылман болу әсте-әсте» деп бекер айтпаған. Бірден кемеліне жеткен мұсылман бола қаламын деген әбестік шығар. Әуелі әріп...